Тілес Шамғонұлы Қажығалиев

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тілес Шамғонұлы Қажығалиев (25.4.1949. Алматы - 26.7.1996, сонда) - композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1987). Мәскеу консерваториясын (1974), Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы) аспиратурасын бітірген (1981). 1974 - 79 жылдары Қазақстан Композиторлар одагында шығарм. секцияның меңгерушісі, 1982 жылдан өмірінің соңына дейін тәрағаның орынбасары міндетін атқарды. Қажығалиев альт пен оркестрге арналған концерт (1970), "Отан туралы" оротория (1973), фортепьяно, ұрмалы және ішекті аспаптарға арналған концерт-симфония (1974), фортепьяно мен оркестрге арналған екі концерт (1976, 1982), әндер, ро-манстар, спектакльдер, көркем және деректі фильмдерге арналған музыка шығармалар жазды.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ мәдениеті Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақала