Тіленші Тоқбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тіленші Тоқбайұлы (17461844) – батыр, би әрі шешен. Әкесі Тоқбай, атасы Бертіс Қожығырұлы қазақ-жоңғар соғыстарында ерлігімен танылған. Тоқбайұлы еліміздің батыс бөлігін Еділ қалмақтарынан азат ету шайқастарына қатысқан. Жорықтарда өзінің қаһармандығымен даңққа бөленген, мыңбасылыққа тағайындалған. Көптеген түйіні қиын мәселелерді реттеп, халық арасында шешендік талантымен танылған. Тоқбайұлы қазақ халқының тәуелсіздігі жолында Марал Ишан Құрманұлының орыс отаршылдығына қарсы жүргізген күресіне қолдау көрсеткен.<ref>"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер