Тілеміс Иманғазиев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілеміс Иманғазиев (1925-1966, Атырау облысы). Грозный мұнай техникумын бітірген. 1941-1966 жылдары - ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу кеңсесі Байшонас бөлімшесінде оператордың көмекшісі, есепші, мұнай кәсіпшілігі жабдықтары жөніндегі техник, мұнай ағызу технигі, мұнайды деэмульсациялау цехының бастығы, кадрларды техникаға оқыту инженері, ұңғымаларды күрделі жөндеуден өткізу бригадасының шебері, Тентексор бөлімшесінің бастығы; «Қазақстанмұнай» бірлестігі Байшонас МКБ-да мұнай өндіру шебері. Еңбек Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған.<ref>Қазақстанның мұнай энциклопедиясы. 2 томдық - Алматы: "Мұнайшы" Қоғамдық қоры, 2005. ISBN 9965-9765-1-1</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}