Тілектес Уахитұлы Мейрамов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілектес Уахитұлы Мейрамов (20.5.1948 жылы туған, Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы Көкпекті ауылы) — актёр, Қазақстанның халық артісі (1996). Мейрамов 1971 жылы Алматы мемлекеттік өнер институтының (қазіргі Алматы мемлекеттік консерваториясы) актерлік бөлімін (проффессор А.Тоқпанов пен Ш.Жандарбекованың жетекшілігімен) бітіріп, Қазақтың мемлекеттік академиясы драма театры труппасына қабылданды. Мұнда 2001 жылға дейін еңбек етті (1988 — 89 жылы ҚазКСР Мәдениет министрлігінде бас маман қызметін атқарды). 2001 жылдан Қазақтың мемлекеттік академиясы жастар мен балалар театрының директоры. Ұлттық драматургия негізінде қойылған спектакльдерде Қозы (алғашқы рөлі), Байғара (Мүсірепов, “Қозы Көрпеш — Баян сұлуы”, “Амангелді”), Ознобин (Ә.Нұрпейісов, “Қан мен тер”), Жұмат, Мәлік (А.Сүлейменов, “Жетінші палата”, “Қыздай жесір — штат қысқарту”), Еркін, Ақан (А.Жағанова, “Беймаза әйел”, “Жан алқымда”), Жәңгір (Н.Әбутәлиев, “Өттің дүние”), Шыңғыс хан (Иранғайыптың осы аттас спектаклінде), Қалдан шерен (Ә.Кекілбаев, “Абылай хан”), сонымен қатар шетел драматургтерінің аударма шығармаларында бірқатар басты рөлдерді орындап, өзінің жоғары сахналық мәдениетімен, эстетикалық талғампаздығымен, актерлік ізденімпаздығымен ерекшеленді.<ref>Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық. Алматы: “Аруна Ltd.” ЖШС, 2005 ISBN 9965-26-095-8</ref><ref>Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5</ref>

Дереккөздер</span>

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}