Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы - Тілдерді қолдану мен дамытудың 2001-2010 жылдарға арналған бағдарламасы. Қазақстан Республикасының Президентінің 1998 жылы 5 қазандағы №4106 Жарлығымен бекітілген. Қазақстан халықтарының тілдерін дамытудың стратегиясы үш негізгі мақсатты айқындайды: мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік қызметін кеңейту мен нығайту; орыс тілінің жалпы мәдени қызметін сақтау; этникалық топтардың тілдерін дамыту. Бұл мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттер көзделген: мемлекеттік тілдің мемлекеттік басқару тілі ретінде қолданылуын қамтамасыз ету, нормативтік-құқықтық негізін жетілдіру; іс жүргізуді мемлекеттік тілге көшірудің нақтылы кестесін белгілеу арқылы барлық мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында мемлекеттік тілдің іс жүргізудегі негізгі тіл ретінде қолданылуын қамтамасыз ету; этникалық қауымдастықтар өкілдерінің өз ана тілдерін оқып-үйренуіне мемлекет тарапынан қолдау көрсету. Тілдерді қолдану мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру Қазақстан аумағында қолданылатын тілдердің қажетті функңионалдық ара-қатынасына қол жеткізумен айқындалатын оңтайлы әлеуметтік-лингвистикалық кеңістік құруды көздейді.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тілдерді қолдану мен дамыту бағдарламасы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}