Тілдердің топтастырылуы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тілдердің топтастырылуы (таптастырылуы) — дүние жүзіндегі тілдердің туыстық жақындығына және грамматикалық құрылысындағы ұқсастықтарына қарай бөлінуі. Бұл белгілеріне қарай дүние жүзіндегі тілдері типологиялық (морфология) (қ. Тілдердің морфологиялық-типологиялық топтастырылуы), генеалогиялық (туыстық) (қ. Тілдердің генеалогиялық топтастырылуы) болып екі үлкен топқа топтастырылады.<ref>Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау министрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509 бет. ISBN 5-7667-2616-3</ref>

Тілдердің топтастырылуы орыс классификация языков — зерттеу мақсатына сай ұқсас белгілеріне қарап әлемдік тілдерді жіктеп топтастыру. Тілдердің топтастырылуы проблемасы тілдерді салыстырып зерттеу нәтижесінде туған, оның екі түрі бар: тілдердің генеалогиялық топтастырылуы және типологиялық топтастырылуы. Бұлардың алғашқысы — тілдердің туыстығына, кейінгісі — тілдердің формалдық және семантикалық ұқсастығына негізделеді. Мақсаты жағынан бұлар бір-біріне жақындамайды, бірақ принципі жағынан байланысты болуы мүмкін. Мәселен, тілдердің генеалогиялық топтастырылуы тек болжам түрінде болған жағдайда көбінесе типологиялық белгілерге негізделеді. Ал олардың дербестігі тілдердің генеалогиялық топтары анықталған жағдайда типологиялық топтастырылу мүмкіндігінен байқалады. Тілдердің топтастырылуынын аймақтық Тілдердің топтастырылуы деп аталатын үшінші түрі бар, ол өз дербестігін сақтағанымен, жоғарыдағы екі топтастырылудың аралығында болып келеді. Аймақтық тілдердің топтастырылуында тілдердің не диалектілердің түйісуіне байланысты тілдік белгілер маңызды рөл атқарады. Тілдердің топтастырылуын генетикалық тұрғыда қарастырғанда отбасы, топ, тарау т.б. таксономиялық (туыстық жақындықты білдіретін) категориялар; типологиялық тұрғыда — тип, класс; аймақтық тұрғыда — аймақ, аудан, зона сияқты категориялар пайдаланылады. Тілдер одағы аймақтық тілдердің топтастырылуының ерекші түрі болып табылады, тек генеалогиялық тілдердің топтастырылуында абсолюттік сипат бар, себебі әрбір тіл тек белгілі бір генеалогиялық топқа кіреді, ол өзгермейді. Типологиялық тілдердің топтастырылуы тіл құрылымы тарихи өзгеріп отыратындықтан, қашанда қатыстық (тұрақты емес) сипатта болады, ал аймақтық тілдердің топтастырылуы неғұрлым тұрақты сипатта болып келеді. Тілдердің топтастырылуы мәселелері 19 ғ.-дан бері зерттеле бастады. Бұл саладағы алғашқы күрделі еңбектердің бірі — И. К. Аделунгтың "Митридат" еңбегі, онда тілдердің топтастырылуының үш түрі бірге қарастырылған. 20 ғ. орта тұсынан бері тілдердің топтастырылуының әр түрінің теориялық принциптері жиі талқылана бастады. Көптеген тілдердің (Африка, Океания, Полинезия) генеалогиясы әлі анықталған жоқ. Кейбір тілдердің туыстығы өте көне заманда болғанына байланысты метагенеалогиялық топтастыру (ностратикалық тілдер) мәселесі түрінде қарастырылуда.<ref>Тіл білімі терминдерінің түсіндірме сөздігі — Алматы. "Сөздік-Словарь", 2005. ISBN 9965-409-88-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тілдердің топтастырылуы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}

ru:Скрещивание языков