Тың өлкесі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Әкімшілік бірлік Тың өлкесі1960 ж. Қазақ КСР-ның құрамында құрылған әкімшілік бірлік. Бұл өлкеге солтүстік Қазақстанның 5 облысы кірді: Көкшетау, Қостанай, Павлодар, Ақмола, Солтүстік Қазақстан (1961–1994). Жер көлемі 600 мың км² құрайды, халқының саны 3 млн. асты. Тың өлкесі әкімшілігінің қол астына 67 аудан, 13 қала, 32 жұмысшы кенті, 746 селолық және ауылдық Кеңес кірді. 1961 ж. қараша айында қарай Тың өлкесінде 642 кеңшар, 104 ұжымшар, ондаған өнеркәсіптік және құрылыс ұйымдары болды. Экономикалық қайта қалыптасу өз кезегінде қоныстану сипатына, халықтың кәсіптік және ұлттық құрамына және еңбекті пайдалану саласына өзгерістер әкелді. Тыңды игеруге шамамен 800 мың адам қатысты. Қазақстанның тек 21,8% аймағын алып жатқан Тың өлкесі жер жыртуға болатын алқаптың 2/3 бөлігін құрады. Республиканың тауарлық астығының 89%-ын берді. Тың өлкесінің басшылығы экономиканы, мәдениетті және өлкенің бүкіл халқының жағдайын көтеру міндетін шешу мақсатында еңбеккерлерді осында алып келу жөнінде саяси және ұйымдастыру жұмыстарын жүргізді. Партия және Кеңес органдарында айтарлықтай орын шаруашылық құрылыстың міндеттерін шеше алатын кадрларды даярлауға жұмсалды. Оның құрамына жататын барлық облыстар республикалық органдарға тікелей бағынды. Өлкелік баспасөз органдары «Тың өлкесі» және «Целинный край» газеттері болды. Тың өлкесі 1965 ж. таратылды.<ref>Солтүстік Қазақстан облысы. Энциклопедия. – Алматы: «Арыс» баспасы, 2006. – 704 б. ISBN 9965-17-340-0</ref>

Дереккөздер

<references/>