Тышқанбай Тілеубердіұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тышқанбай Тілеубердіұлы (1832 - 1891) - би, шешен.

Орта жүздің Керей руынан шыққан. Оның қарауындағы елдер Құнанбай би ауылымен қатарлас, аралас көшіп-қонып жүрген. Тышқанбай екі ел арасындағы елшілікте көбірек жүрген мәмлегер кісі ретінде танылған. Ол көбінесе, Абай, Шәкерім, Ақылбай, Мағауия ауылдарынан табылады екен. М.Әуезов "Абай жолы" эпопеясында (4-кіт. 337- бет) Абай ауылындағы жиынға келген Тышқанбайды беделді би-шешендердің қатарында айтады.<ref>“ Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Мұқыр сайлауында Абай соққыға жығылды дегенді естіп, ат жетер жердегі ел адамдарын жинап, «Абайды сабатып, тыныш отыра алмаймыз» деп атқа мінген. Абай Тышқанбаймен, балаларымен достық қарым-қатынаста болған. Бұл туралы Тышқанбайдың немересі Ырыздықбайдың (Социалистік Еңбек Ері) естеліктерінде айтылған. Естелік Абайдың Семейдегі республикалық әдеби-мемориалдық қорығыңда сақтаулы. <ref>Абай. Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, «Атамұра» баспасы, ISBN 5-7667-2949-9</ref>

Дереккөздер

<references/> Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}