Тырнашөп

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Тырнашөп (Seselі) – шатыршагүлділер тұқымдасына жататын екі не көп жылдық шөптесін өсімдіктер. Маңғыстаудың шөлді, сортаңды жерлерінде, тұзды көлдер жағалауларында, бұталардың арасында, таудың тастақты беткейлерінде өседі. Биіктігі 20 – 50 см. Сабағы көп, жұмыр, тықыр. Төменгі жағындағы сабақтары ұзын сағақты. Жапырақтары сабақтың түбінен өніп шығады. Жапырақтары ұзын, түзу, екі рет тілімденген. Тостағанша жапырақтарының шеті тегіс, күлтесі ақ түсті. Гүлі көп (15-тей), олар шатырша гүлшоғырына топталған (шатыршасы 6 – 9 сәулелі). Шілде айында гүлдеп, тамызда жеміс салады. Жемісінің ұзындығы 4 мм-дей, сопақша, екі бүйірі қысыңқы келеді.<ref>«Маңғыстау өсімдіктерінің каталогы», Ақтау, 2006;</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub