Тынышгүл Сұлтанбердиева

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Кинематограф Тынышгүл Сұлтанбердиева (4 ақпан, 1955 жылы Жамбыл облысы, Тұрар Рысқұлов ауданы, «98-ші разъезд» ауылында туған) — актриса. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері (2012). Ғабит Мүсірепов атындағы Қазақ Мемлекеттік Академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының актрисасы (1993 жылдан).

Толығырақ

Шығармашылығы

  • Тынышгүл Сұлтанбердиева отандық бірнеше телесериалдарға, көркем фильмдерге түскен.
  • Ғ.Мүсірепов атындағы театрда: Иран-Ғайып «Желжуан» – Бәйек, Ш.Мұртаза «Жетім бұрыш» – Мүнира, Ш.Айманов «Желсіз түнде жарық ай» – Ана, Т.Нұрмағамбетов «Біз түріктерміз» – Сәния, О.Дастанов «Әзірет Сұлтан» – Ана, Ғ.Мүсірепов «Ақан сері – Ақтоқты» – Дәметкен, «Қыз Жібек» – Шәйін, «Қозы Көрпеш –Баян сұлу» – Мақпал, С.Балғабаев «Ең әдемі келіншек» – Мәдина, В.Шекспир «Ромео-Джульетта» – Королева, І.Жансүгіров «Исатай-Махамбет» – Фатима ханым, Ф.Шиллер «Махаббат пен ғадауат»– Миллердің жұбайы, Ғ.Мүсірепов «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» – Мақпал, С.Ахмад «Келіндер көтерілісі» – Башорот, Б.Мұқай «Шындық детекторы» – Нұрия, Т.Теменов «Шығыс сазы» – Мыстан кемпір, М.Әуезов «Ай-Қарагөз…» – Текті, және т.б көптеген бейнелерді сомдаған.

Марапаттары