Тынысалудың кезеңдері

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Аэробтар

Аэробтық организмдер , аэробтар (Үлгі:Lang-el) – молекулалық бос оттек (О2) бар ортада тіршілік етіп, дами алатын организмдер. Аэробтық организмдерге барлық өсімдіктер, көптеген қарапайымдылар мен көп клеткалы жануарлар, саңырауқұлақтар, микроорганизмдер жатады. Оттектің (О2) қатысуымен жүретін биологиялық процесті аэробиоз деп атайды. Аэробтық организмдер өз организміне енген О2-нің тотығуынан пайда болған энергияны пайдаланады. Олар облигатты аэробтық организмдер және факультативті аэробтық организмдер болып 2 топқа бөлінеді. Облигатты аэробтық организмдер тотығу реакциясы кезіндегі энергияны пайдаланады, мысалы, сірке қышқыл бактериялары этил спиртін сірке қышқылына дейін, ал кейбір зең саңырауқұлақтары қанттарды лимон, қымыздық, глюкон қышқылдарын түзгенге дейін тотықтырады. Факультативті аэробтық организмдер тобына оттектің бар-жоғын талғамай тіршілік ететін организмдер жатады, мысалы, күкірт, темір бактериялары оттекті нитраттардан, сульфаттардан, т.б. қосылыстардан алады. Аэробтық организмдердің арасында ең маңыздысы фотосинтез процесіне қатысатын организмдер – цианобактериялар, балдырлар және түтікті өсімдіктер. Аэробтық организмдер табиғатта кеңінен таралған және ондағы зат айналымына үлкен әсерін тигізеді, мысалы, қарапайым аэробтық организмдер топырақтағы күрделі органикалық қосылыстарды өсімдіктердің жақсы сіңіруіне көмектесіп, топырақтағы түрлі ауру қоздыратын бактерияларды жояды. Аэробтық организмдерді өндірісте сірке суын алуға, ауыл шаруашылығында, т.б. қолданылады. Аэробтық организмдердің тіршілігіне ауаның құрамындағы оттектің белгілі мөлшері мен қысымы қажет, егер осы жағдай шамадан тыс өзгерсе, олар өліп қалады.

Анаэробтар

Анаэробтар, анаэробты микроорганизмдер — қоршаған ортада бос оттегі жоқ кезде өмір сүруге және көбеюге қабілетті микроорганизмдер<ref>О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. ISBN 9965-752-06-0</ref>; атмосфералық оттегі болмайтын жерде тіршілік етуге бейім микроағзалар. Анаэробтарға көптеген бактериялар, инфузориялар кейбір таспа құрттар, аскарид және аздаған ұлулар жатады.<ref name="name">Орысша-қазақша түсіндірме сөздік: Биология / Жалпы редакциясын басқарған э.ғ.д., профессор Е. Арын - Павлодар: «ЭКО» ҒӨФ. 2007. - 1028 б. ISBN 9965-08-286-3</ref>

Анаэробты организмдер , анаэробтар (Үлгі:Lang-el – сыз, сіз, емес қосымшасы, Үлгі:Lang-el – ауа және Үлгі:Lang-el – тіршілік) – оттексіз ортада өсіп-өніп, тіршілік ететін организмдер. 1861 жылы Л.Пастер май қышқылын ашытатын бактерияны тапқаннан кейін анаэробты организмдер терминін ғылымға енгізген. Анаэробты организмдер негізінен прокариотты организмдер арасында кең тараған. Ал эукариотты организмдер арасында ашытқы саңырауқұлақтарында, буынаяқтылардың ішегінде өмір сүретін қарапайымдарда, ал көп клеткалы организмдер ішінде ішек паразиттерінде (атап айтқанда таспа құрттар мен аскаридаларда) кездеседі. Анаэробты организмдер тіршілік ететін ортасында оттектің болу не болмауына байланысты олигатты анаэробты организмдер және факультативті анаэробты организмдер болып бөлінеді. Олигатты анаэробты организмдер – тіршілігі мүлдем оттексіз жүретін организмдер. Оларға май қышқылы бактериясы және сіреспе бактериялары жатады<ref>Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref>. Көп клеткалы жануарлар арасында олигатты анаэробты организмдер кездеспейді. Факультативті анаэробты организмдер – табиғатта оттектің бар-жоғына қарамай тіршілік ететін организмдер (мысалы, ашытқы саңырауқұлақтары, іш сүзегі, топалаң қоздырғыштары, т.б.). Анаэробты организмдер негізінде құрамында оттек бар органикалық қосылыстарды (спиртті, сүт қышқылын, май қышқылын, т.б.), ал кейбір түрлері минералды қосылыстарды (сульфаттарды немесе нитраттарды) ыдыратып, осы процесс кезінде бөлініп шыққан оттекті өзінің тіршілік әрекетінде пайдаланады. Анаэробты организмдер аэробты организмдер сияқты табиғаттағы зат айналу процесіне, органикалық және минералды заттардың өзгеруіне үлкен әсер етеді. Олар спирт және сүт қышқылын ашыту процесінде кеңінен қолданылады. Кейбір анаэробты организмдер асқа, тағамға түссе, тез өсіп-өніп, адам мен жануарларды уландыруы, ал ауру тудырғыш (патогенді) анаэробты организмдер түрлі жұқпалы ауруларды (сіреспе, ботулизм газды гангрена, т.б.) таратуы мүмкін.

Тыныс алу

Тірі ағзалардағы ағзашалардың бүкіл ыдырау үдерісі 3 кезеңге бөлінеді.

Кезең атауы Орны (Өтетін жері) Химиялық өзгерістер Энергетикалық нәтиже
1. Даярлық Асқорыту жүйесінде және лизосомаларда (қоректік вакуольдерде) Қорек заттары құрамбөліктерге және мономерлерге: глюкозаға, аминқышқылдарға, глицериндерге және май қышқылдарына дейін ыдырайды АТФ-0 молекула Энергия тек жылу түрінде
2. Оттекті Жасушалар (гликолиз) Глюкоза пирожүзім цитоплазмасы немесе сүт қышқылына дейін ыдырайды АТФ-2 молекула
3. Оттексіз Митохондриялар Гликолиз өнімдерінің 02 мен өзара әрекеттесуі кезінде С0220-ге дейін ыдырайды АТФ-36 молекула Сондай-ақ жылу түріндегі энергия

Тынысалу үшін мына жағдайлар қажет:

  1. төсеміктің болуы (глюкоза немесе өзге ағзалық заттар);
  2. қажетті ферменттердің болуы;
  3. митохондриялардағы үдерістер үшін оттегінің болуы;
  4. тасымалдаушы молекулалардың, коферменттердін, болуы;
  5. митохондриялық жарғақшалардың бүтіндігі қажет.

АТФ түрінде энергия алмасудың барлық кезеңдерінде тек пайдалы энергияның бір бөлігі ғана (гликолиз - 5%, тотықтыра фосфорлану - 35-40%) жазылатынын есте ұстау қажет. Энергияның қалған бөлігі жылу түрінде таралып кетеді.

Тынысалу үдерістері немесе биологиялық тотығу, сондай-ақ жанудың соңғы нәтижесі бойынша ұқсас, алайда энергия жинақтауы өзгеше болады. Жану кезінде барлық энергия жарық және жылуға өтеді де, мұнда еш нәрсе қорға жиналмайды. Тынысалу үдерісінде энергияның бір бөлігі АТФ молекулаларында жинақталып, ақырында ағзалық заттарды синтездеу кезінде икемді алмасу реакцияларына пайдаланылады.<ref>Биология: Жалпы білім беретін мектептің 9-сыныбына арналған оқулық, 2-басылымы, өңделген / М. Гильманов, А. Соловьева, Л. Әбшенова. — Алматы: «Атамұра» баспасы, 2009 жыл. ISBN 9965-34-927-4</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Biosci-stub