Тынымбай Нұрмағамбетов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тынымбай Нұрмағамбетов (10.6.1945 жылы туған, Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Қосүйеңкі ауылы) – жазушы.

Қызылорда педагогика институтын (1968), Мәскеудегі М.Горький атындағы жоғары әдебиет курсын бітірген (1981). Қызылорда облысы радио комитетінде, “Жазушы” баспасында редактор, “Қазақфильмкиностудиясының сценарийлік коллегиясында түрлі қызметтер атқарған. 1996 жылдан “Қазақ елі” газеті редакторының орынбасары.

Алғашқы әңгімелер жинағы 1971 жылы “Қауын иісі” деген атпен жарық көрген (орыс тіліндегі нұсқасы үшін М.Горький атындағы Бүкілодақтық жастар сыйлығын алды, 1979). Жазушы прозасында ауыл адамдарының мінез-құлқы, олардың жан дүниесінің қыр-сыры, ұлттық сана психологиясындағы замана тудырған өзгерістер терең суреттеледі. Нұрмағамбетов жеңіл юмордың шебері, бірнеше комедиялық туындылары бар. Ол “Жоғалған көл”, “Кемпірлер үкімі” пьесаларын, “Тырналар ұшып барады” телефильмі сценарийін жазды.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Шығармашылығы

  • Қош бол, ата, А., 1972
  • Қарлығаштың ұясы, А., 1975
  • Там, где горел очаг, А., 1982
  • Молодая гвардия, А., 1984
  • Талисман, А., 1984;
  • Туған ауыл түтіні, А., 1989
  • Таңд., А., 1997

• Бөрібайдың тымағын ит алып қашқан қыс.

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}