Туыстық атаулары
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Туыстық атаулар - туыстық қарым-қатынасты білдіретін ұғымдар.<ref>"Күйеу келтір, қыз ұзат, тойыңды қыл": Әдеби-этнографиялық таным. (Құрастырғандар: Б.Әлімқұлов, Е.Әбдіраманов). 238б., 1994. ISBN 5-7090-0195-3</ref>
Мазмұны
Бір отбасындағы туыстық атаулар
- Ата - баланың әкесінің және анасының әкесі.
- Апа - баланың әкесінің, сондай-ақ, анасының шешесі. Одан арғылары әже, үлы әже деп аталады.
- Әке - баласы бар ер адам
- Ана - балалы әйел, туған шеше.
- Аға - бірге туған ағайындылардың ер жағынан жасы үлкені.
- Іні - бауырлас ер адамдардың жас жағынан кішісі.
- Бауыр - бірге туған қыздардың үлкендеріне бауырлас ер адамдардың жасы жағынан кішісі.
- Әпке - бірге туған қыздардың жас жағынан үлкені.
- Сіңілі - бірге туған қыздардың үлкендеріне жас жағынан кішісі.
- Қарындас - бірге туған ағайынды ер адамдардан жасы кіші қыздар.
Туыстық қарым-қатынастағы атаулар
- Абысын - ағайынды адамдардың әйелдері.
- Бажа - бір адамның немесе ағайынды кісілердің қыздарына үйленген адамдар.
- Бөле - бірге туған апалы-сіңілі кісілердің балаларының арасындағы туыстық қатынастың атауы.
- Балдыз - әйел адамдардың жасы кіші туыстары.
- Ене - ерлі-зайыптылардың аналары бір-біріне ене болады.
- Құда - күйеу мен қалыңдықтың(ерлі-зайыпты адамдардың) аталары, әкелері.
- Құда бала - құдасының баласы (ұлы) т.б. жасы кіші туысы.
- Құдағи - Күйеу мен қалыңдықтың шешелері немесе әжелері (құдандал адамдардың әйелдері).
- Құда-жекжат - ілік-шатыс құда адамдар.
- Құдандалы - қыз алысып, қыз беріскен, сүйек шатысы бар адамдар.
- Құдаша - ерлі-зайыпты адамдардың жасы кіші әйел туыстары (құдандалы адамдардың қыздары).
- Жиеншар - жиеннен туған бала.
- Жиен - күйеуге шыққан қыздан туған бала.
- Жеңге - атаның, жасы үлкен туыстардың әйелі.
- Жезде - туысқан адамдардың өзінен үлкен апасының күйеуі.
- Күйеу - әйелдің ері, жұбайы.
- Келін - ата-ана үшін баласының әйелі де, жасы үлкен ағалары мен туысқандары үшін інісінің әйелі.
- Қайын - қыз алып, қыз берген екі елдің күйеу мен келінге туыстық қатынасын білдіретін сөз.
- Қайын аға - ерлі-зайыптылардың туған және туысқан ағаларының оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ата - күйеу мен келіннің туған әкелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын ене - күйеу мен келіннің туған шешелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын бике - күйеу мен келіннің туған әжелерінің оларға туыстық қатынасы.
- Қайын сіңілі - күйеудің қарындастарының әйеліне туыстық қатынасы.
- Қайын іні - ерлі-зайыптылардың өздерінен кіші ұл бауырлары.
- Қайын жұрт - қыз беріп, қыз алысқан екі елдің қыз бен күйеу жақындығын білдіретін сөз.
Тағы қараңыз
Дереккөздер
<references/>
Үлгі:Қазақ рулары