Турлина Гулфайза Аухатқызы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Турлина Гулфайза Аухатқызы1946 жылы 7 акпанда Қостанай облысы, Әулиекөл ауданында дүниеге келген. Әулиекөл қазақ орта мектебін бітірген соң, сырттай оқуға түсіп, бес жыл ұстаздық етті.<ref>"Қазақстан баспагерлері мен полиграфистері", Анықтамалық,"Білім" баспасы, Алматы, 2005 ж., ISBN 9965-09-134-Х1981-89</ref>. 1970 жылы Алматыға келіп, ҚазМУ-дың журналистика факультетіне оқуға түсіп, оны үздік бітіріп шыққан соң, жас маман ретінде жолдамамен "Мектеп" баспасына қызметке жіберілді.

Баспада кітап шытару ісін ойдағыдай меңгерді, ізденімпаз, іскер баспагер атанды. Көптеген оқулықтар шығаруға өз үлесін қосты. Сонымен катар аударма оқулықтарды тәржімалауға ат салысты. 1977 жылы Моңғолия Ғылым академиясының өтініші бойынша автор Б.Базылханмен бірігіп "Қазақша-монғолша сөздікті" баспадан басып шығарады.

1980—1991 жылдары замана талабын ескере отырып "Мектеп" баспасынан кәсіптік-техникалық училищелерге оқулық шығаратын жаңа редакция ашылып, онда ол "Трактор мен автомобильдер", "ағаш шебері", "Агротехника негіздері", "Астық жинайтын "Дон комбайны" тағы басқа оқулықтарды шығарды.

Қазақ КСР Министрлер Советінің 1990 жылғы 5 маусымындағы №234 қаулысына сәйкес "Мектеп" баспасынын үш редакциясынан жаңа "Ана тілі" баспасы бөлініп шықты. Бүл баспада Гүлфайза Аухатқызы қазақ тіліне қатысты көптеген басылымдарға редактор болды.

"Тілдерді қолдану мен дамыту" мемлекеттік бағдарламасына сай мемлекеттік тілдің өркендеуіне қазақ тілі мен әдебиетінің өзекті тақырыптары бойынша көптеген кітаптардың көп шығарылуына редактор ретінде айтарлықтай үлес қосты. Гүлфайза Аухатқызы Көптеген ақын-жазушылардың таңдамалы шығармалары мен топтамаларының редакторы болды.

Егер "Ана тілі" баспасы 1996-1997 жылдар қорытындысы бойынша жүлделі орын жеңіп алса, ал оның редакторы Турлина Гүлфайза екі жыл қатарымен жылдың үздік редакторы атағын алып, мақтау грамоталарымен марапатталды.

Дереккөздер

<references/>

[{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}