Туристік маршруттың технологиялық картасы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Туристік маршруттың технологиялық картасы - транспорттық маршруттың негізгі құжаты. Ол туристік қызметті ұйымдастыратын субъектпен құрастырылады, жоспарлық-қаржылық бөлімнің басшылығымен мақұлданады, мөрмен басылып, бекітіледі. Технологиялық картаның басында маршрутқа қызмет көрсететін туристік ұйымның атауы көрсетіледі.

Технологиялық маршрут бөлімдері

  • "Маршрут атауы" бөлімі. Маршруттың атынан оның болашақ танымалдылығы байланысты болады. Сондықтан ол жарқын, қайталанбас және маршруттың мінездік ерекшеліктерін көрсетуі керек.
  • "Маршрут түрі" бөлімі. Траспорттың түріне байланысты мұнда жазылады: теміржолдық, автобустық, авиациялық, теплоходтік және т.б. Автобусты қолданған кезде, онда оның жеке не жалға алынғандығы туралы жазылады.
  • "Қиындық деңгейі" бөлімі. Маршруттың қиындығына байланысты: жай жаяу экскурсиялықтан мамандандырылған альпинистік түріне дейін 1 мен 4 аралығындағы сан қойылады.
  • "Маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршруттың жалпы километражі көрсетіледі.
  • "Тәуліктегі маршрут ұзақтылығы" бөлімі. Маршрут бойынша, демалыстарда туристерге қызмет көрсету бағдарламасында көрсетілген күндер санына сәйкес келуі керек.
  • "Туристік топтар саны" бөлімі. Туристерге қызмет көрсететін арнайы мекемемен отырған келісімшартта көрсетілген топтар санына сәйкес келуі керек.
  • "Топтағы туристер саны" бөлімінде топтағы адамдар саны көрсетіледі. Бұл санға туристік топ басшысы, гид және автобус жүргізушілері кірмейді.
  • "Маршрут бойынша туристер саны" бөліміндегі жалпы маршрут бойынша туристер саны көрсетіледі. Бұл сан туристік топтар санын топтағы туристер санына көбейту арқылы білуге болады.
  • "Бар жоғы мынша адам-күн" бөлімінде берілген маршрут бойынша жалпы адам-күн саны көрсетіледі. Ол жалпы барлық туристер санын тур бойынша болатын календарлық күндер санына көбейткенге тең.
  • "Маршрут бойынша 1-ші топқа қызмет көрсету" бөлімінде 1-ші туристік топтың тур бойынша кіру уақыты жазылады.
  • "Жолдама бағасы" бөлімінде барлық туристік қызметтің бағасы көрсетіледі.
  • "Демалыс басталатын туристік мекеменің мекенжайы" бөлімінде туристік ұйымның мекенжайы көрсетіледі.
  • "Қорытынды" бөлімінде жалпы маршрут бойынша қорытынды жұмыстар жазылады.

Жалпы технологиялық карта туристке көрсетілетін туристік қызмет туралы, оның сапасы, көлемі туралы мағлұмат, турдың жалпы бағасын есептеу жайлы ақпарат беретін құжат болып табылады<ref name="source1">http://revolution.allbest.ru</ref>.

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}