Туристер клубы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Туристер клубы, аудан, қала, облыс көлеміндегі туристерді біріктіретін қоғамдық ұйым, сонымен қатар туристік жұмыстардың әдістемелік тәсілдерін ұйымдастыру орталығы. Туристер клубының негізгі мақсаты туризмнің қай түрі болмасын, оның көпшілік бағытындағы жұмыстарын түсіндіріп, насихаттау. Туристер клубы негізінен өз бетімен жорық ұйымдастырушы адамдарды біріктіріп, түрлі саяхаттарға қатысады. Олардың негізгі мақсаты:

  • өндіріс орындарында дене шынықтыру ұжымдарының туристік секцияларын ұйымдастыру,
  • туристерге нақтылы көмек керсету,
  • оқу орындары мен басқа да мекемелерде демалысты ұйымдастыру.

Сонымен қатар жақын және алыс жерлерге туристік саяхаттар, экскурцияларды ұйымдастырып әртүрлі байқаулар мен жарыстарға қатысу, көрмелер ұйымдастырып, лекциялар оқу. Туристік саяхатқа қатысқандармен кездесу ұйымдастыру. Қоғамдық турист мамандарын дайындап, мамандандыру дережелерін көтеру; туристерді өлкелік және қоғамдық пайдалы жұмыстарды зерттеу жұмыстарына ұйымдастыру, табиғат пен медени ескерткіштерді сақтауға атсалысу, туристік ең жақсы тәжірибелерді жинақтауға және өмір жүзінде іске асыруға көмектесу; мектеп пен балалар мекемелеріне, әсіресе балалар туризмін дамыту бағытында аталған мекемелерге көмек көрсету; сонымен бірге кесіпорындар мен жергілікті жерлерде туристік сауықтандыру лагерлерін ұйымдастыру. Жоғары мекеменің тапсырысымен туристік клубтарға туристерді саяхат шегуге дайындауларына мүмкіндік беріледі. Сонымен қоса осы саяхаттарға рұқсат алып беруге көмектеседі. Туристер клубының арнаулы жұмыс орны, туристік жабдықтар мен құралдарды беруге арналган қоры болады. Осымен қоса арнайы кітапханасында туристік саяхаттарға арналған карталар және басқа да оқу құралдары болады. Радио және теледидар арқылы және баспасез бетінде туристік жорықтар мен саяхаттарға арналған түрлі насихаттау жұмысын ұйымдастырады.<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Туристер клубы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}