Тура

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТураТобыл өзенінің сол саласы. Ресейдің Свердлов және Түмен облыстары аумағымен ағады. ұзындығы 1030 км, су жиналатын алабы 80,4 мың км². Орта Орал тауларынан бастау алып, Батыс Сібір жазығымен ағады. Басты салалары: Тагил, Ница, Пышма. Түмен қаласы тұсындағы жылдық орташа су ағымы 181 м³/с. Қараша айының басынан бастап сәуірдің соңы – мамырдың бірінші жартысына дейін мұз қатып жатады. Тура алабында жалпы ауданы 557 км² болатын ірілі-ұсақты 1500-ге жуық көл бар. Сағасынан 635 км-ге дейін кеме жүзеді. Өзенмен ағаш ағызылады. Бойында 3 бөген салынған. Жағалауында: Жоғарғы Тура, төменгі Тура, Верхотурье, Туринск, Түмен қ-лары орналасқан.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тура|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}