Трофим Трофимович Лезный

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Лезный Трофим Трофимович (1923 жылы туған, Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы Роща ауылы) – белгілі журналист. 2-дүниежүзілік соғысқа қатысқан. Алматы Жоғары партия мектебін (1955), бірмезгілде С.М. Киров атындағы ҚазМУ-ды сырттай және Мәскеу Жоғары партия мектебін бітірген. Орта мектепті бітірген соң 1942 жылы Қызыл армия қатарына алынып, Тамбов жаяу әскер училищесіне жіберіледі. Орталық және Калинин майдандарында взвод командирі, рота командирінің орынбасары, командирі болып ұрыстарға қатысқан. Ауыр жараланып, әскер қатарынан босатылған. Еңбек жолын 1944 жылы Келлер ауданы ДОСААФ комитетінде командир-нұсқаушы болып бастаған. 1944 – 52 жылдары ауданы атқару комитеті төрағасының орынбасары, Келлер ауданы газетінде редактор қызметтерін атқарған. Партия мектебін бітірген соң Көкшетау облысы «Сталинское знамя» (кейіннен «Степной маяк») газетіне бөлім меңгерушісі етіп жіберіледі. Осы газетте 30 жыл, оның ішінде 23 жыл Бас редактордың орынбасары болып жұмыс істеді. 1- және 2-дәрежелі Отан соғысы, Халықтар Достығы ордендерімен және медальдармен, құрмет белгілерімен марапатталған.

Дереккөздер

«Ақмола облысы» энциклопедиясы

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Трофим Трофимович Лезный|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}