Тропиктік жыл
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
ТРОПИКТІК ЖЫЛ – күн мен түннің жазғытұрғы теңелу нүктесінен Күннің қатарынан екі рет өтуіне кететін уақыт аралығы. Оның ұзақтығы 365,242196 орташа күн тәулігіне тең әрі ол мың жылда 5 с кеміп отырады. Тропиктік жыл қазіргі күнтізбенің негізі болып табылады. Тропиктік жыл ішінде жыл мезгілдері бір рет толық ауысып отырады. Астрономияда Тропиктік жыл дың басы ретінде Күн көзінің орташа бойлығы 280 болатын мезет алынады. Осы мезеттен басталатын жыл бессельдік жыл деп аталады. Оның басы жуық түрде күнтізбелік жылдың басына сәйкес келеді. <ref>Қазақ энциклопедиясы, 8 том</ref>
Сілтеме
<references />