Трахеотомия

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Сурет:Traqueostomia.png
Выполненная трахеоcтомия:
1 - Голосовые связки
2 - Щитовидный хрящ
3 - Перстневидный хрящ
4 - Хрящи трахеи
5 - Балонная манжета
Сурет:Tracheostomy tube.jpg
Трахеоcтомическая трубка

ТРАХЕОТОМИЯ (tracheotomіa; грек. tracheіo – кеңірдек және tomіe – кесу, қуысты ашу) – кеңірдекті кесіп, оның қуысына арнайы түтік орналастыру. Трахеотомия кеңірдек қуысы стенозында, күйіп қалған жағдайда және ісік пайда болғанда, тыныс жолдарына бөгде зат түскенде жедел қолданылатын хирургиялық шара. Кеңірдек қуысы тарылғанда, науқас адамның тыныс алуы жиілеп, қиындайды, еріні мен терісінің түсі көгеріп, әлсіздік пайда болады. Трахеотомияны орындау үшін кеңірдек шеміршектерін кесіп, оның қуысына белгілі бір мезгілге арнайы түтікше (канюла) салады, оны трахеостомия деп атайды. Түтікше бітеліп қалмас үшін әлсін-әлсін тазалап тұру қажет. Науқас сырқатынан айыққан соң, түтікшені алып тастайды. Ал кеңірдектегі тесік өздігінен жабылмаса, оны тігеді.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Трахеотомия — кеңірдекті тесу, кесу. Адамның көмекші немесе кеңірдектен жоғары тыныс жолы зақымданып дем ала алмайтын болса кеңірдекті тесу арқылы тыныстандырады.<ref>Пульмонология терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Алматы: Ана тілі. 1996. ISBN 5-630-00473-5</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Трахеотомия|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}