Транс (психология)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Транс (Үлгі:Lang-fr — сілею, мелшию) — сананың бұзылуы, айналадағы жағдаятты және өз қылықтарының мақсаттарын ұғынбай мінез-құлықтың күрделі актілерін бірнеше минут бойына не одан да ұзақ уақыт автоматты түрде атқарудан көрінеді. Мысалы, транс күйінде адам кенеттен жүгіре жөнелуі, күрделі ырғақты қимылдар мен қозғалыстарды қайталай бастауы мүмкін. Кейде ол ұзақ уақыт бойы ел аралап сапарға шығып кетуі ықтимал. Транстың басталуы да, аяқталуы да кенеттен болады. Бұл кезең туралы есінде ештеңе қалмайды. Транс кезіндегі адамның жүріс-тұрысы айналасындағыларға жөн-жосықты болып көрінуі мүмкін, ол қарапайым сұрақтарға жауап бере алады, үйреншікті әрекеттерін орындаңды. Транс невроздар кезінде, эпилепсия ұстағанда және басқа да кейбір психикалық аурулар кезінде байқалады.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}