Трансұлттық саяси кеңістік

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Трансұлттық саяси кеңістік - мемлекеттен жоғары шешім қабылдау деңгейі бар жаңа субъектілердің пайда болуымен сипатталатын саяси шынайылықты ұйымдастырудың қазіргі бейнесі. Трансұлттық саяси кеңістік қазіргі жаһандану жағдайында постиндустриалды қоғамның пайда болуының, дәстүрлі ұлттық мемлекеттердің дағдарысқа ұшырауының салдары болып табылады. Әлеуметтің құрылымдық ұйымдастырылудың, экономикалық және құндылықты басымдықтардың өзгеруі, бірыңғай әлемдік экономиканың пайда болуы саяси сахнаның алдыңғы қатарына дәстүрлі ұлттық мемлекеттермен қатар, әлемдік саясаттың субъектілері болып табылатын жаңа факторларды әкелді. Оларға ең алдымен, мемлекетаралық және мемлекеттің үстіндегі ұйымдар, трансұлттық корпорациялар, қоғамдық және азаматтық қауымдастықтар және т.б. жатқызылады. Әлемдік экономиканы қалыптастыру шешім қабылдаудың жаңа әлемдік деңгейімен және оның дәстүрлі, жаңа субъектілерінің арасындағы ашық шекарамен сипатталатын әлемдік саяси жүйені қалыптастыруды талап етті. Қазіргі мемлекеттің қызмет аясы тарылуда, өйткені дәстүрлі мемлекеттік институттар өз шекарасы аумағында да, әлемдік ауқымда да экономикалық процестерді бақылаудан қалады. Мемлекеттік қызметтің бір бөлігі мемлекеттен жоғары деңгейдегі ұйымдарға беріледі (ең алдымен, ТҰҚ сияқты трансұлттық құрылымдарға немесе мемлекетаралық ұйымдарға - ХВҚ, ӘБ, ЕО және т.б.). Дәстүрлі-мемлекеттік өкілеттіктің келесі бөлігі аумақ, аймақ құзырына беріледі, олар да саяси-басқарулық қызметтің субъектісіне айналуда. Трансұлттық саяси кеңістік өз құрамынан дәстүрлі ұлттық мемлекеттерді шығармайды, өйткені, көптеген аймақтарда олар әлемдік саясаттың бірден- бір әрекет етуші субъектілері болып қалып отыр, алайда, олармен қатар, әлемдік мәселелерді шешуде жаңа саяси факторлар қатысуда.<ref>Саяси түсіндірме сөздік. – Алматы, 2007.

ISBN 9965-32-491-3</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Трансұлттық саяси кеңістік|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}