Травматология

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

ТРАВМАТОЛОГИЯ (грекше ‘‘trauma’’ – жарақат және ‘‘logos’’ – ілім) – клиникалық медицинаның жарақатты, оның түрлері мен себептерін, өту барысын зерттеп, осыған лайық емдеу және алдын ала сақтану шараларын іздестіретін саласы.

Тарихы

Буынның шығуы мен сынық туралы алғашқы деректер және оларды емдеу Гиппократтың еңбегінде жазылған. Мысалы, ол шығып кеткен буынды алты түрлі жолмен орнына түсіруге болатынын сол кезде айтқан. Орта ғасырларда травматология мәселелеріне көп көңіл бөлген ғұлама ғалымдардың бірі – Әбу Әли ибн Сина. Оның “Дәрігерлік ғылымның каноны” деп аталатын медициналық энциклопедиясында әр түрлі жарақат, сынық, буынның шығуы сипатталып, оларды емдеудің жолдары баяндалған. Ибн-Сина өз еңбектерінде кейбір жекелеген травматологиялық құралдарды қалай пайдалануды қарапайым сөздермен түсіндіріп, көркем суреттермен бейнелеп көрсеткен. Орта ғасырларда араб дәрігерлері қол-аяқ сынғанда гипс қоспасын пайдаланғаны белгілі, осы әдіс күні бүгінге дейін маңызын жойған жоқ. Осы кезеңдегі еуропалық дәрігерлер де сынықты емдеуде үлкен жетістікке жетіп, өздерінің емдеу әдістерін жазып қалдырған.

Үлес қосқандар

Әсіресе, француз хирургі А.Паренің (1510 – 1590) хирургия және травматология саласында сіңірген еңбегі орасан зор болды. Ол ашық сынықты емдеу үшін металдан жасалған тұйық шинаны (таңғыш қалақ) пайдаланды. Одан басқа француз хирургтері Ж.Мальген (1806 – 65) мен Г.Дюпюитерн (1777 – 1835), швейцариялық хирург, Нобель сыйлығының лауреаты Т.Кохер (1841 – 1917), австралиялық дәрігер Л.Белер (1885 – 1975), ресейлік хирургтар Е.Мухин (1766 – 1850), Н.Пирогов (1810 – 1881), т.б. ғалымдар травматологияның дамуына үлкен үлес қосты. Травматологияның жедел, қарқынды дамуына рентген сәулесінің ашылуы үлкен әсер етті. Рентгенологиялық әдістер тірек-қимыл аппаратының жарақатына дәл диагноз қоюға, сынған сүйекті дұрыс емдеуді жақсартуға, сондай-ақ травматология саласы бойынша жан-жақты ғылыми зерттеулер жүргізуге жол ашты.

Қазақстанда дамуы

Травматологияның Қазақстанда дамуына 1958 жылы қазіргі Қазақ ұлттық медицина университетінде осы аттас кафедраның ашылуы себеп болды. Кафедра 1971 жылы жарақат алғандарға көмек көрсету орталығының 4-ауруханаға орналастырылуына байланысты көшірілді.

Зерттеулер

  • Сүйек пластикасы, яғни адамның өз сүйегін өзіне өзгенің сүйегін жамау (Г.Эдельштейн), *сүйек аутопластикасы, яғни өз сүйегін өзіне жалғау (Ә.Сегізбаев),
  • остеосинтез, яғни, сүйек тініне жамау салу (Б.Хабижанов) зерттелді.
  • Сүйек-буын туберкулезін хирургиялық жолмен емдеу тәсілдері табылып, тіндерді консервілеу мәселелері анықталды (К.Пальгов);
  • остеонекроз (сүйектің өліеттенуі) патогенезіне жаңаша сипаттама берілді (Т.Сұлтанбаев),
  • аяқ сынығын хирургиялық жолмен емдеу (Х.Мақажанов);
  • ұршығы тайып туған нәрестенің ұршық буынын орнына салу әдісі (К.Садырбаев);
  • балаларда болатын туа біткен қисық мойынды, шұңқыр кеуде ауруын емдеу тәсілдері (А.Қарабеков) ұсынылды.

Пайдалануы

Республикамызда травматология мәселелерімен Қазақ ұлттық медицина университетінде, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Семей, Қазақ және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік медицина академияларында, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында ортопедия және травматология кафедралары, 2002 жылы Астана қаласында Қазақстанда тұңғыш ашылған травматология және ортопедия ғылыми-зертханалық институты, барлық облыс орталықтарындағы клиникалық ауруханалар шұғылданады.<ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том</ref>

Сілтеме

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Травматология|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}