Тоқтар Мағзұмов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқтар Мағзұмов - 1958 жылы 2 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатон-Қарағай ауданы, Қызыл-Жұлдыз ауылында туған. 1975— 1977 жылдары ауыл мектебінде жұмыс істеген. 1982 жылы Алматы қаласындағы Ауыл шаруашылық институтын агроном мамандығы бойынша, 1998 жылы Шығыс Қазақстан Мемлекеттік университетінің мемлекеттік басқару жүйесі факультетін тамамдаған.1982-1992 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық ауыл шаруашылық басқармасына, 1992 — 1997 жылдары Шығыс Қазақстан аймақтық жекешелендіру комитетінде бөлім бастығы, 1997 — 2001 жылдары Шығыс Қазақстан облыстық мекемелерді қайта құру, жабу басқармасының бастығы қызметтерін атқарған. 2007 жылдан бері Өскемен қалалық ауыл шаруашылық басқарма бастығы болып қызмет етеді.

2003 жылы «Қыз суреті» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрген. «Байберді асуы» атты хикаяттар мен әңгімелер жинағының авторы. <ref>Қазақстан жазушылары: Анықтамалық/Құрастырушы: Қамшыгер Саят, Жұмашева Қайырниса - Алматы: «Аң арыс» баспасы, 2009 жыл</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}