Тоқаш Бердияров

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоқаш Бердияров (1925-1988) - ақын.


  • "Бес құбыр" ауылдық кеңесінде хатшы болып жұмыс істеген.
  • Он жеті жасында соғысқа аттанып, 4-Украин майданында шайқасына қатысқан.
  • Соғыстан кейін түрлі әскери бөлімшелерде кызметте болған.

Шығармашылығы

  • 1962 жылдан шығармалық жұмыспен айналысқан.
  • Алғашқы өлеңі 1950 жылы жарық көрді
  • «Шалқар теңіз» өлеңдер жинағы 1952 жылы басылып шықты.

Өзінің шығармалары жөніңдегі әділетсіз көзқарастарды айтып, 1955 жылы М. Әуезовке хат жазды (№589-папка). Бұл хатқа түсіністікпен қараған жазушы «Мәлік Ғабдуллинге жауап хат» («Қазақ әдебиеті», 1955, 11 қараша) деп аталатын мақаласында: Үлгі:Дәйексөз дейді. Осы сөзден қанаттанған ақын бұдан кейін көптеген өлендер жинағын шығарды. Кейін «Әуезов ескерткіші, балалар және мен» деген өлеңін жазды («Лениншіл жас», 1986, 27 тамыз). Ақын онда ұлы жазушының бейнесін ыстық сезім, шынайы сүйіспеншілікпен жырлаған.
Өлеңдер мен поэмалар жинақтары:

  • "Бейбітшілік көшесі" (1960),
  • "Мен өмір сүремін" (1965),
  • "Тораңғы" (1965),
  • "Оқ және гүл"(1967),
  • "Дауылдан кейінгі тыныштық" (1970),
  • "Көгілдір ымырт" (1972),
  • "Бозторғай" (1973),
  • "Күндер, күндер, күндерім" (1974),
  • "Ескі ігаравоз" (1976),
  • "Жаңа дала" (1979),
  • "Сөнбейтін оттар" (1980),
  • "Есіктің алды - көк терек" (1983),
  • "Шынар" (1985),

Әңгімелер мен повестер жинақтары:

  • "Жастық кешуі"( 1966)
  • "Солдат сыры" (1968)
  • "Фарида" (1978)<ref>Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. ISBN 978-601-282-175-8</ref><ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}