Тоғыту суы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоғыту суы. Қойнауқаттағы қысым ды қалыпты жағдайда сақтау, сөйтіп мұнайдың сығымдала көтерілуіне мүмкіндік туғызу мақсатында өнімді беткейге әдейі айдалатын су. Бұл су төмендегі талаптарды қанағаттандыруы тиіс: ұңғыма қондырғыларын тоздыру белсенділігінің төмен болуы; ұңғыманың мұнайды қабылдау мүмкіндігін азайтуға әкеліп соқтыратын мұнайдың қалқымалы қатты түйіртпектерінің және коллоидты заттардың мүлдем болмауы; қойнауқатта және оның сазды қабаттарында болуы мүмкін сазды минералдарды ісіндірмеу; қойнауқаттың сулармен араласуы барысында қатты түрдегі тұнбалар түзбеу; мұнайды жуғыштау қабілетінің мүмкіншілігінше жоғары болуы.<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. 2000 жыл. — 328 бет.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тоғыту суы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}