Тоғанас

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тоғанас Бәйтікұлы (18121864) – батыр, би. Сырдарияның төменгі ағысы бойында туып-өскен. Кіші жүз құрамындағы Шөмекей руынан шыққан. Хиуа және Қоқан хандықтарының жергілікті халыққа жасаған озбырлық әрекеттеріне қарсы тұрған. Тоғанас қарақалпақ, түрікмен бектерімен де соғысып, олардың Сыр бойынан ауа көшуіне ықпал еткен. Хиуалықтармен бірнеше рет Қуаңдария бойындағы Аққыр тауы маңындағы «Қарақ» деген жерде айқасып, Қожанияз бекті ойсырата жеңіп, «Қожанияз – қамал бекінісін» жойып жіберді. Кенесары Қасымұлы басқарған ұлт-азаттық қозғалысқа қатысып, Шөмекей жасағын басқарды. 18451852 ж. қоқандықтар мен хиуалықтардың бірнеше шабуылдарын тойтарып, барымталанған малдарды қайтарды. Тоғанастың өзінің арнайы мөрі, әкесі Бәйтік батырдан қалған ақ туы болған. Тоғанас ерліктері ауызша, жазбаша деректерде, тарихшылар Е.Бекмаханов пен Ж. Қасымбаевтың еңбектерінде, зерттеушілер Қ.Бердәулетовтің «Бұқарбай батыр» (1992), Тоғанас Дайрабайдың «Тоғанас батыр» (1992) кітаптарында және «Келмембет батыр» (1998) жинағында көрініс тапқан. <ref>Қазақ ұлттық энциклопедиясы, 18 том</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Тоғанас|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}