Торғай қақпасы
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Торғай қақпасы - Торғай үстірті мен Сарыарқа, Торғай қолаты және Обаған – Құсмұрын, Торғай – Сарықопа аралығындағы табиғи өткел. Қостанай облысы, Сарыкөл ауданы аумағында орналасқан. Ені 15 – 20 км. Кейбір ғалымдардың пікірі бойынша Торғай қақпасы Торғай, Обаған өзендері бастауларының бір-бірімен Сарыөзен арқылы жалғасуына байланысты қалыптасқан.
Дереккөздер
«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том