Торғай қазақ драма театры

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торғай қазақ драма театры, Торғай қазақ драма театры Арқалық театры – театр ұжымы.


Бұл бұрынғы Торғай облысы муз. драма театры негізінде (қ. Жезқазған қазақ музыкалық драма театры) 2001 ж. 6 ақпанда Қостанай облысының мәдениет департаменті қарамағындағы Арқалықтың қазақ жасөспірімдер театры деген атпен ашылды.

Мұнда М.ӘуезовтіңАйман – Шолпан” (2001, реж. Ж.Есенбеков), Ғ.МүсіреповтіҚыз Жібек” (2002, реж. Ж.Хажиев), Қ.СәрсекеевтіңМұңлық – Зарлық” (2004, реж. А.Садықова), Ә.ТаразидіңКүнә” (2006, реж. Т.Рақышева) атты драм. шығармалары қойылды. 2001 – 06 ж. театр репертуарынан (М.Хасенов, “Пай-пай, жас жұбайлар-ай”), (Ә.Әбішев, “Мәдидің шайқасы”), (Р.Мұқанова, “Мәңгілік бала бейне”), сондай-ақ аударма (А.Н. Толстой, “Алтын кілт”), (А.В. Вампилов, “Тұңғышым”), (Н.В. Гоголь, “Ревизор”) және балаларға арналған (М.Жүнісұлы, “Бақыт іздеген бала”), (О.Боранбай, “Қаңбақ шал”) пьесалар да орын алды. Театр құрамында К.Ахметова, Қ.Әбдібеков, Р.Байкөбен, Г.Балғынбаева, Е.Барақов, Ж.Бөлтірікова, О.Қойбағаров, Б.Молдашев, О.Нұрғали, С.Ордабаев сынды актерлер, бас реж. Ә.Садықова (2001 жылдан) және бас суретші Е.Мергенов (2001 жылдан), т.б. қызмет етеді.

Театр труппасы 2005 ж. Қостанай қаласында өткен 12-Қазақстан театрлары респ. фестивалінің “Театр дебюті” дипломымен, сондай-ақ Қостанай облысы мәдениет департаментінің Құрмет грамотасы және дипломдарымен (2002 – 06) марапатталды.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}