Торғай облыстық қазақ съезі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торғай облыстық қазақ съезі , 1917 ж. 2 – 8 сәуір аралығында Орынбор қаласында өтті. Съезді алаш қозғалысының А.Байтұрсынов, С.Қадырбаев, О.Алмасов секілді қайраткерлері ұйымдастырды. Съезге 300-ден астам делегат қатысты. Олардың қатарында Торғай облысынан келген делегаттармен қатар Ақмола, Семей, Сырдария облыстарынан және Қшкі ордадан келген өкілдер де болды. Съезге қонақ ретінде Қазан мұсылман к-тінен Н.Халфин, Уфа мұсылман к-тінен Ә.Рахметдинов, татар тіліндегі “Вакит” (“Уақыт”) газетінің редакторы Ф.Каримов қатысты. Съезді құттықтамақ болған бұрынғы Орынбор ген.-губернаторы Эверсман делегаттар тарапынан қарсылыққа ұшырап, съезден шығып кетті. Оның соңынан іле-шала М.Дулатовтың мәлімдемесі негізінде Орынбор қаласындағы орта оқу орнының дін сабағының мұғалімі Әбдірахман Мачиев пен Торғай облыстық басқармасының тілмашы Мұхамедияр Тұнғаншинге жандармерияның тыңшылары болды деген айып тағылып, олар съезге қатысушылар қатарынан аластатылды. Съездің күн тәртібіне патша өкіметі құлатылғаннан кейінгі жергілікті өкімет және басқару органдарын құру, жалпықазақ съезін шақыру, бүкілресейлік мұсылман съезіне өкілдер жіберу, уақытша үкіметке және ол жалғастырып отырған соғысқа көзқарас, мәдени, діни және шаруашылық істер сияқты мәселелер қойылды. Съезде мынадай шешімдер қабылданды: Уақытша үкіметке қолдау көрсету үшін жер-жерлерде азаматтық к-ттер құрылысын; бүкіл қазақ халқын біріктіру, оның мұқтаждықтарын анықтау үшін жалпықазақ съезі шақырылсын, бұл съезді шақыру бюросының құрамына Ә.Бөкейханов, Байтұрсынов, Дулатов, Қадырбаев, О.Есенқұлов, И.Әлімбеков, И.Тұрмұхамедов, К.Тұрымов енсін; Мәскеуде өткізілетін бүкілресейлік мұсылмандар съезіне Торғай облысының өкілдері ретінде О.Татиев, Қадырбаев, А.Досжанова, С.Ысқақов жіберілсін; Ресей мемлекеті демокр., парламенттік және орталықтанбаған республика болып құрылсын; Торғай облысы қазақтарының діни істері уақытша Орынбор мүфтилігіне қаратылсын; бастауыш білім алу жалпыға бірдей міндетті болсын; бұрын қоныс аудару қорына алынған қазақтар иелігіндегі жерлер кері қайтарылсын. Т. о. қ. с. Уақытша үкіметке қолдау көрсететіндігін танытып, ол жүргізіп отырған соғысқа көмек беретіндіктерін білдірді. Сонымен қатар 1916 жылғы тыл жұмысына қазақтардан адам алу барысында және халық көтерілісін басу кезінде патша өкіметінің заңсыз әрекеттері мен қатыгездігін тергейтін комиссия құру керектігін Уақытша үкіметтен талап етті. Әдеб.: Аманжолова Д.А., Казахский автономизм и Россия, М., 1994; Қойгелдиев М., Алаш қозғалысы, А., 1995; Нұрпейісов К., Алаш їәм Алашорда, А., 1995.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}