Торэмен

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торэмен, Або хан, Абруй (т. ж. б. – 587) – Батыс Түрік қағандығының негізін қалаған билеуші (584603). Бірінші Шығыс Түрік қағандығында 554572 ж. билік құрған Муган ханның (Муюй Кигин) ұлы. Ол әкесінен кейін билікке келген Шаболио Ниегу қағанға мойынсұнудан бас тартып, қағандықтың батыс өңіріне билік етуге ұмтылады. 584 жылдан Алтайдың батыс өңірінде билік құрып, өз иелігін Әмудария өз-не дейін жеткізді. Алайда бұл өңірдегі тайпалар Торэменнің билігін бірден мойындай қоймай, оған қарсы күрес жүргізді. 584 ж. Әмудария өңіріндегі жергілікті тайпа көсемі Чулохэу Торэменді тұтқынға түсіріп, Бұхарда қорлықпен өлтірді.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}