Торыбаев Хиссаметдин Қалдыбайұлы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торыбаев Хиссаметдин Қалдыбайұлы – биология ғылымының докторы ,профессор.

Қысқаша өмірбаяны

Торыбаев Хиссаметдин Қалдыбайұлы (27.9.1937 жылы туған, Алматы облысы Жамбыл ауданы Қараарша ауылы) – ғалым-энтомолог, биология ғылымының докторы (1993), профессор (1996). Қазақ ұлттық университетін бітірген (1968). 1969 – 96 жылдары ҚР ғылым академиясының Микробиология және вирусология ғылыми-зерттеу институтында кіші, аға, жетекші ғылыми қызметкер болды. 1996 жылдан қазіргі Қазақ ұлттық аграрлық университетінің профессоры. Негізгі ғылыми жұмысының бағыты энтомопатогенді вирустарды зерттеуге арналған. Торыбаев Еуразияда бірінші болып, Қазақстанның әр түрлі табиғи-климаттық белдеулерінде кездесетін үш түрлі қансорғыш масалардан энтомопатогенді иридовирустарды бөліп алған. Мұндай штамдар маса шағудан болатын аурулардың диагностикасын қоюда және қоздырғыштардың идентификациясын жасауда кеңінен пайдаланылады. Бұл штамдар Ресейдің Вирусология институтында сақтаулы тұр; сондай-ақ Шығыспалеарктикалық секциясының биология күресу халықаралық ұйымында және Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымында патенттелген. Торыбаев 84 ғылыми еңбектер мен оқулықтардың авторы. <ref>«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, X том</ref>

Шығармалары

Сілтемелер

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Торыбаев Хиссаметдин Қалдыбайұлы|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}