Тортай Қазиұлы Сәдуақасов

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Тортай Қазиұлы Сәдуақасов (20.04.1954 жылы туған, бұрынғы Көкшетау облысы Щучье ауданы Кіндікқарағай ауылы) - ақын, аудармашы.

Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген (1977). 1971 - 72 жылдары "Көкшетау правдасы" газетінде әдеби қызметкер, 1978 - 1979 жылдары Кеңес Армиясы қатарында, 1979 - 95 жылдары "Жазушы" баспасында редактор болып қызмет істеген. Қазір Министрлер кабинетінде бас сарапшы. Өлеңдері облыстық және республикалық баспасөздерде 1971 жылдан жариялана бастаған. Сәдуақасов екі томдық орыс совет ақындарының антологиясын, моңғол ақындарының антологиясын аударуға қатысқан. Украин жазушылары И.Франко мен И.Драчтың, беларусь жазушысы Я.Коластың корей жазушысы Мен До Нуктың, молдаван жазушысы Г.Блэнаурдың, югослав жазушысы Дж. Катичтың еңбектерін, А.Яшин, А.Бергольц, В.Павлинов, т.б. ақындардың өлеңдерін, сондай-ақ Ю.Пройковтың "Қас-қағым сәт" атты кітаптарын қазақ тіліне аударған.<ref>Қазақ әдебиеті. Энциклопедиялық анықтамалық. — Алматы: «Аруна Ltd.» ЖШС, 2010 жыл.ISBN 9965-26-096-6</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Stub: Қазақ әдебиеті {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}