Торпақ (шоқжұлдыз)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торпақ (лат. Taurus) – 12 зодиактік шоқжұлдыздардың бірі. Торпақ аспанның Солтүстік жарты шарында Персей, Тоқты, Кит, Эридан, Таразы, Егіздер, Жетекші шоқжұлдыздарының аралығында орналасқан (қ. Жұлдыздық аспан картасы). Ең жарық жұлдыздары – Сұлусары (Альдебаран), Нат, Альциона. Бұлар 0,8; 1,6 және 2,9-көрінерлік жұлдыздық шамада жалтырап көрінеді. Торпақта Гиад және Үркер деп аталатын екі шашыранды жұлдыз шоғыры бар. Торпақ қараша – желтоқсан айларында жақсы көрінеді.

Сурет:TaurusConstellation2.jpg
Торпақ шоқжұлдызы

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}