Торлы ұлпа

Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Мұнда ауысу: шарлау, іздеу

Торлы ұлпа (ретикулярная ткань) (textus reticularis, лат. textus —ұлпа, reticulum — тор) — қантұзу мүшелерінің негізін түзетін ұлпа.

Торлы ұлпа — өсінділі жасушалардан (ретикулоциттерден) және ретикулин талшықтарынан тұрады. Ретикулоциттер бір-бірімен өзара цитоплазмалық өсінділері арқылы байланысып, бейжасушалық құрылым — синцитийді (жасушалар бай- ланысын) түзеді. Ретикулоциттердің ашық ақшыл цитоплазмасы, дөңгелек келген ядросы болады. Олар фагоцитоз процесі мен иммунды реакцияларға қатысады. Ретикулоциттер цитоплазмасында рибосомалар, бос полисомалар, эндоплазмалық тор, аздаган митохондриялар, Гольджи кешені орналасады. Ретикулоциттер бөлінбейді. Ретикулин талшықтары коллаген талшықтарының түрі.<ref>Биоморфология терминдерінің түсіндірме сөздігі/ - Алматы: "Сөздік-Словарь", 2009. ISBN 9965-822-54-9</ref>

Дереккөздер

<references/>

Үлгі:Wikify

Үлгі:Суретсіз мақалаҮлгі:Stub