Торайғыр (Шүйт Торайғыр)

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Торайғыр - XVIII ғас. соңы мен XIX ғас. өмір сүрген әрі батыр, әрі жершіл, көріпкел адам болған. Көшіп кеткен елдің қашан көшіп кеткенін дәл айтқан. Қараңғы түнек түн мезгілінде далаға қаққан қазықты дәл таба білген. Көктем келіп мұз жарылып, сең болып ығып кеткен уақыттары, сол сеңнің үстінде ығып кеткен адамдардың санына дейін және олардың қай жерде ығып бара жатқанын айтып отырған. Орынбор генерал-губернаторы Есет Көтібарұлына қарсы бірнеше мәрте жаулаушы отряд жіберіп отырғаны тарихтан белгілі. Сондай отрядтардың бірінің командирі ел аузындағы әңгімені естіп Торайғырды жолбасы етіп қасына ертіп алады. Сонда Торайғыр отрядты Есеттің қонған жеріне емес, көшіп кеткен жұрттың үстінен шығара беріп әбден титықтатқан. Бұған қатты ашуланған отряд командирі құм арасында Торайғырды кескілеп өлтіріп тастайды. <ref>"Шалқар" энциклопедиясы ISBN 978-601-06-0004-1</ref>

Дереккөздер

Үлгі:Дереккөздер