Топырақтың су өткізгішгігі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топырақтың су өткізгішгігітопырақтың жоғарыдан төмен қарай су өткізу қабілеті.

Ол топырақтың түйірөлшемдік механикалық құрамына, органикалық қорына байланысты — сіңіру, ылғалдану және өткізу кезеңдерінен тұрады. Суды жақсы өткізгіш топырақтарға — құм, құмайт, ал суды аз өткізгішке — балшықтар, орташа өткізгіштерге — құм-балшықтар жатады. Ғалым С.В.Астановтың еселтеулері бойынша ылғал түскен алғашқы сағатта 15 сантиметрден астам су сіңіретін топырақ суды жақсы өткізетін топыраққа, егер 5 сантиметрден кем су сіңірілсе, онда бұл суды нашар өткізетін топыраққа жаткызылады. Топырақтың суды жоғары көтергіш қасиетіне қылтүтіктері арқылы жоғарыға су өткізгіштігі жатады. Бұл қасиет топырықтың түйірөлшемдік және механикалық құрамына тәуелді. Мысалы, құм суды тез, бірақ аз биіктікке (тәулігіне 30-60 см-ге дейін) көтереді, балшықтар бұған керісінше, суды баяу сорып жоғары биіктікке (3—4 м-ге) көтереді. Құрамында ірі шаң бөлшектері (0,05—0,01 мм) мол құмды-балшықты топырақтар "сусүйгіш" топырақтарға жатады. Қылтүтікшемен су көтеру арқылы топырақ өсімдіктерді сумен қамтамасыз етеді.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}


{{#ifeq:|Үлгі

| Бұл үлгі мақалаларды автоматты түрде Үлгі:C қосады. {{#ifeq:Топырақтың су өткізгішгігі|Документация||}}{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}} |{{#if:||{{#if::Санат:Үлгілер:Аяқталмаған мақалалар|}}}} }}