Топшылдық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топшылдық – қоғамдық қатынастардағы әлеуметтік-саяси құбылыс. Саяси сферада мүдделі топтардың қызметі өте күшті болуы себепті саяси күресті мүдделі топтардың қарым-қатынасы ретінде де қарастырады. Глобальдық масштабта немесе макродеңгейде Топшылдық геостратегиялық мақсаттары түйіскен мемлекеттердің, трансұлттық корпорациялардың белгілі бір топқа одақтастар ретінде бірігуінен байқалады. Мысалы, 1-дүниежүзілік соғыста Антанта тобына біріккен одақтас елдер өз мүдделеріне қарсы Үштік одаққа біріккен мемлекеттермен соғысты. Қазіргі кезеңде де әлемдік саясатта топтасу құ-былысы күшті. Еуроодаққа Еуропа мемлекеттері бірігіп жатса, Шанхай ынтымақтастық ұйымына Еуразия континентіндегі ірі мемлекеттер тобы бірігуде. Мүдделі топтар үнемі тұрақты болмайды. Қоғам талаптары өзгеруімен бірге топтар да өзгеріп, жаңарып отырады. Басым топтар әлсіздерін ығыстырып, жаңадан қалыптасқан топтармен өзара перманенттік күресін жалғастыра береді. Әлеум. теке тірестің негізгі көзі әлеум. мүдделер. Қайшылықтар барысында әрбір әлеум. топ өз мақсаттарын орындау үшін саяси партияларды, саяси қозғалыстарды құрады. Қоғамның әлеум. құрылымы шеңберінде жүріп жатқан топтар құбылысы саяси партиялардың, саяси қозғалыстардың теке тірестерінен көрініс береді. Сондықтан мемлекет елдегі әлеум. келісімді сақтау мақсатында әлеум. саясатты неғұрлым белсенді жүргізуге ұмтылады. Топтар өз мүдделерінің қанағаттануы үшін мемлекетке түрлі әлеум. талаптар қоюмен болады. Микродеңгейде Топшылдық түрлі халықтардың, діндердің, секталардың, террористік топтардың, өз субмәдениеті бар түрлі ұйымдар мен топтардың іс-әрекеттерінен байқалады. Айтылған құбылыстар адам өмірінің тұрмыстық жағына дейін ықпалын тигізуі мүмкін. Әсіресе, діни наным-сенімдерге қатысты болатын Топшылдық жеке тұлғаның дүниетанымына, психологиясына үлкен әсер етеді. Жастардың топтарға бөлінуі де нақты құбылысқа айналуда (панктер, реперлер, металистер, т.б.). Этнографиялық процестерде Топшылдық трайбалистік құбылыстар арқылы көрініс береді. Тіптен, әрбір ұжымда билікке, ықпалға таласу барысында топтарға бөліну пайда болады. Топшылдықты қоғамдық қатынастарға, адам өміріне өз ықпалын тигізіп отыратын объективті шындық ретінде қарастырған дұрыс. Оны негативтік немесе позитивтік үрдіс ретінде бағалау жөн емес. Егер топ мақсат-мүдделеріне байланысты демократия құндылықтарын, жалпыхалықтық пайдалы мұраттар мен құндылықтарды көздесе ол топтың ісі игілікті. Егер эгоистік топтар халықтың түпкілікті мүдделеріне зиян мақсаттарды көздесе ондайлардың әрекеттеріне қоғамдық қарсылық қажет.

Дереккөздер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}