Топтық ықпалдастық

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Топтық ықпалдастық — топішілік қатынас бірлігі, ортақ құндылықтар, өзара қарым-қатынастарды тиімділеу мәселелерін реттеу, құрылымдау процесі. Балалар ұжымында топтық ықпалдастық қоғамдық пікір мен ішкі ұжымдық адами қатынастар көріне бастаған кезден бастап пайда болды. Топтық динамика әлеуметтік психологиядағы зерттеу бағыттылығы: әр түрлі топтардағы пайда болу, функционалдығы және даму үрдістері. Топтық іс-әрекет — адамдардың іс-әрекетіне, топқа кіретін әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық феномен, қарым-қатынас нәтижесі. Топтық іс-әрекет мақсатына қарай: ұжымдық әрекет, біріккен әрекет, бірге жасалған және бірмезгілдік әрекет деп бөлінеді.<ref>Жантану атауларының түсіндірме сөздігі. — Алматы: "Сөздік-Словарь", 2006. - 384 бет. ISBN 9965-409-98-6</ref>

Дереккөздер

<references/> {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}