Топтық талдама
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Топтық талдама<ref>Мұнай және газ геологиясы терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі. Жалпы редакциясын басқарған Қазақстанға еңбегі сіңген мұнайшы - геологтар Т.Н. Жұмағалиев, Б.М. Қуандықов. — А.: АРНGroup, 2000 жыл. — 328 бет.</ref> - Күрделі және көптүрбөлшекті жүйені жеке-жеке түрбөлшектерге (компонент) емес, өздерінің сыр-сипатындағы ұқсастыққа орай бір-бірінен анық ерекшеленетін талдау топтарына даралап алып жүзеге асырылатын зерттеу әдісі. Таушайыртану ілімінде Топтық талдама термині үш мағынада ңолданылады.
- Тау жынысындағы органикалық заттарды топтық талдама, яғни таушайыр тектес түрбөлшектердің, гуминді қышқылдардың және тау жынысы құрамында ерімей қалған органикалық зат қалдықтарының бір-бірімен сандық қатынасын аныктау.
- Таушайырлар мен таушайыр тектестерін топтық талдама, немесе майлы және өздері шайырларға, шайыртастақтарға және ізбестастарға (карбонаттарға) жіктелетін шайыртасты — шайырлы түрбөлшектердің бір-бірімен сандың қатынасын анықтау.
- Мұнайдағы көмірсутектер бөлігін топтық талдама, яғни көмірсутектерінің әр түрлі физикалық касиеттеріндегі ұқсастыңтары мен айырмашылықтарын саралау нәтижесінде сол көмірсутектік құрылымдардың басты-басты түрлері арасындағы сандық қатыпасты анықтау.
Дереккөздер
<references/>