Томанның үйі

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Томанның үйі – 19 – 20 ғасырлардан сақталған сәулеттік ескерткіш. Шикі кірпіштен тұрғызылған, сырты сыланған, әктелген, төбесі темірмен жабылған, ауланың ішіне қарай кейін қосымша салынған бөлмелері бар. Архитектуралық тұрғыдан 20 ғасырдың басына тән классикалық дәстүрлердің элементтері пайдаланылған. Бір қабатты, тікбұрышты, Желтоқсан көшесінің бойымен созыла орналасқан, телімі шойын қоршаумен қоршалған. Қайта құру мен жөндеу жұмыстары (1996 – 1997) үйдің алдыңғы жағын бірсыпыра өзгеріске ұшыратты. Үйдің ішкі ұзын қабырғасы оны екі бөлікке бөліп тұр, оның бірі алдыңғы кіреберіске, екіншісі аулаға бастайды. Салтанатты үлкен бөлмесі де кең аспалы қуыстар арқылы екіге бөлінген. Г. Камалова <ref>Тараз энциклопедиясы</ref>

Дереккөздер

<references />

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}} {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}