Толқын құмы

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Толқын құмыШалқарнұра тауының солтүстігінде, Торғай өзеннің орта ағысында жатқан құмды массив. Қостанай облысының Торғай ауданы жерінде орналасқан. Оңтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа қарай Торғай өзенін бойлай 66 км-ге созылып жатыр, ені 21 км шамасында. Ауданы 820 км². Барханды-төбешікті құмдардың салыстырмалы биікт. 2 –10 м. Көпшілік жерін арна тәрізді сортаңды ойыстар тілімдеген. Грунт сулары 2 – 5 м тереңдікте (минералд. 1,5 – 5 г/л) жатыр. Құм төбелерде еркекшөп, боз, т.б. өсімдіктер өседі. Мал жайылымы. Құмды өңірінде қыстаулар (Қарақұдық, Түйемойнақ, т.б.) мен елді мекендер (Жыңғылды, Қарғалы, т.б.) орналасқан.

Сілтемелер

«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 жыл. ISBN 5-89800-123-9, VIII том.

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}