Толқын Забирова

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Biography Толқын Забирова - 1970 жылы 17 қазанда Семей облысының Аягөз қаласында туған. Қазақ.

Анасы - Забирова Зухра Қалиқызы, зейнеткер, «ҚТЖ» ҰК» АҚ жұмыс істеген.

А. Жұбанов атындағы Республикалық музыка мектебінің дирижерлік классын (1979), «Хорға дирижерлік ету» мамандығы бойынша; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының вокал-хор факультетін (1993) әнші, оқытушы мамандығы бойынша үздік; Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы жанындағы аспирантураны (2000) бітірген.

Өнертану кандидаты (2010). Кандидаттық диссертациясының тақырыбы: «Қазақстанның опералық мәдениеті контекстіндегі әншілік дауысты қалыптастырудың жаңа парадигмалық негіздері». Доцент.

«Ұлттық әншілік мектепті қалыптастыру: жаңа парадигманы іздеу» монографиясының (2010); «Қазақ опералық-концерттік әншілерін оқыту әдістемесінің өзекті мәселелері» (1994), «Қазақ ұлттық әншілік мектебін қалыптастырудың заманауи мәселелері» (2007), «Әншілік дауысты қалыптастыру» (2008), «Қазақстандық опералық-концерттік әншілерде қазақ тілінің әншілік фонетикасы дағдыларын қалыптастыру қажеттілігі туралы» (2008), «Қазіргі заманғы вокалдық педагогиканың эмпиризмі» (2008), «Әншілік дауысты қалыптастырудың үлгісі» (2008), «Опералық әншінің вокалдық-техникалық жұмысының жаңа парадигмасы» (2010), «Тарихи-мәдени талдау ұлттық вокал мектебінің жаңа парадигмасының әдіснамалық негізі ретінде» (2009), «Фонациялық үдеріс энергетикалық үлгілеу: әдістеме негіздері» (2010) атты мақалалар мен баяндамалардың авторы.

Қазақ және орыс тілдерін біледі.

1993 жылдан - Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының солисі. 1995 жылдан - Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясы вокал кафедрасының вокалдық-педагогикалық тәжірибе оқытушысы.

2004 жылдан бері - Т. Жүргенов атындағы Қазақ ¥лттық өнер академиясының эстрадалық вокал оқытушысы.

«Янтарный соловей» (Калининград, 1996), «Әлібек Дінішевтың театры» (Алматы, 1998) халықаралық конкурстарының лауреаты.

ҚР Еңбек сіңірген қайраткері (2008).

Діни көзқарастары - ұстамды ислам.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - М. Ганди.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Ресеймен одақ құру».

Сүйіп оқитын әдебиеті - А.С. Пушкин, В. Пикуль. Ф. Саган.

Тұрмыс құрған. Жұбайы - Бабаев Сафар Ядулаевич (1956 ж.т.), продюсер. Ұлдары - Бабаев Шахрияр (2001 ж.т.), Бабаев Дияр (2004 ж.т.), Бабаев Санжар (2006 ж.т.).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub