Тойкен Мұсаұлы Қангереев
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Тойкен Мұсаұлы Қангереев - 1945 жылы 9 шілдеде Талдықорған облысының Шаған ауылында туған. Мәскеу көлік инженерлері институтын (1968) «Вагон жасау және вагон шаруашылығы» мамандануы бойынша бітірген.
- 1968 жылдан - Алматы электр вагонын жөндеу зауыты электрмашина цехы шеберінің көмекшісі, шебері, аға шебері; 1969 жылдан - цех бастығы.
- 1977 жылдан - КСРО ЖҚМ Алматы электр вагонын жөндеу зауытының бас инженері; 1979 жылдан - бастығы (директоры).
- 1980 жылдан - Алматы электр вагонын жөндеу зауытының бас инженері; 1992 жылдан - директоры.
- 1994-2008 жылдары - «Ырысты Алматы электр вагонын жөндеу зауыты» АҚ президенті.
- 2004 жылдан бері - «Ырысты Алматы электр вагонын жөндеу зауыты» АҚ Директорлар көңесінің мүшесі. Ауэзов аудандық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1973-1975, 1975-1977). М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы.
ҚР Жұмыс берушілер конфедерациясының, ҚР Өнеркәсіпшілер одағының мүшесі. «Құрмет» орденімен (2005); ҚР Көлік және коммуникация министрінің (2006), Алматы қаласы әкімінің құрмет грамоталарымен марапатталған. КСРО ЖҚМ Құрметті теміржолшысы (1985).<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалық. Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>
Дереккөздер
<references/>