Тип (информатика)
Құрылғының типі (Тип устройства; device type) — енгізу-шығару амалдарын программалауда қолданылатын бір типті сыртқы құрылымдардың тобына берілетін жалпы атау.
Мазмұны
Құрылымдық (туынды) тип
Құрылымдық (туынды) тип (Структурный (производный) тип) — басқа базалық немесе күрделі типтер негізінде анықталатын мәліметтер типі.
Мәліметтер типi
Мәліметтер типі (Тип данных; data type) — шамаларға қолданылатын қандай да бір амалдар тобы негізінде біріктірілген шамалар жиыны. Мәліметтер типінің сандық, символдық, логикалық және т.б. түрлері болады.
Мәліметтердің абстракты типі
Мәліметтердің абстракты типі (Абстрактный тип; данных abstract data type) — мәндерінің берілу тәсілінің сипаттамасы келтірілмей, тек осы типті объектілерге қолданылатын амалдармен анықталған мәліметтер типі.
Объект типі
Объект типі (Тип объекта) — мәліметтер базасында атрибуттары бірдей объектілердің біркелкіленген класы.
Үзу типi
Үзу типі (Тип прерывания; interruption type) — үзілім көзін көрсететін үзудің сипаттамасы: программалық үзу, енгізу-шығару үзуі, супервизорға қатынас құру үшін үзу, сырттан үзу және машинаның жаңылысынан үзілу.
Файлдың типі
Файлдың типі (Тип файла; file type) — файл атының кеңейтілуі (тіркемесі) ретінде беріліп, файлдың құрамын, атқаратын міндеті мен қолданылу облысын (машиналық, командалық, мөтіндік, графикалық, Паскаль программасы жөне т.б.) анықтайтын сипаттамасы.
Тип сипаттамасы
Тип сипаттамасы (Описание типа; type description) — айнымалының типін айқын түрде көрсету.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Информатика және компьютерлік техника / Жалпы редакциясын басқарған түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайынов.
– Алматы: «Мектеп» баспасы» ЖАҚ, 2002 жыл. – 456 бет. ISBN 5-7667-8284-5</ref>
Дереккөздер
<references/>
ar:تقنية diq:Portal:Teknolociye hi:तकनीकी ig:Nzù ne:प्रौद्योगिकी ps:تكنالوژي ta:தொழில்நுட்பம்