Тимур Санжарұлы Сегізбаев

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Темір Санжарұлы Сегізбаев (12.01.1941 ж.т., Алматы), футболдан спорт шебері (1963), ҚазКСР- інің ЕСЖ-сы (1972). Сегізбаев 1957ж. Рига қаласында еткен мектеп оқушыларының 9-Бүкілодақтық спартакиадасына алғаш рет қатысып, шеберлік керсетті. 1960 жылдан жоғары топтағы "Қайрат" футбол командасында ойнап, жоғары топта 167 рет жасыл алаңға шықты. Сегізбаев кептеген халықаралық жолдастық кездесулерге қатысты. Сегізбаев -"Қайрат" футбол командасының жаттықтырушысы (1969) және аға жаттықтырушысы болды (1976).<ref>Қазақстан - спортшылар елі. Энциклопедиялық анықтамалық. - Алматы: "Сөздік-Словарь". ISBN 9965-822-57-3 </ref>


1941 жылы 12 мамырда Семей қаласында туған. Қазақ.

Әкесі - Сегізбаев Санжар Бақтыбайұлы, марқұм. Анасы - Сегізбаева Жібек Тұржанқызы, марқұм.

Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтын бітірген (1962), жаттықтырушы-оқытушы.

«Т. Сегізбаев өмірінің он күні» кітабының авторы, «Қашан өзімізде Пеле болады?» кітабының бірлескен авторы.

Орыс, қазақ және ағылшын (ауызекі) тілдерін біледі.

КОКП мүшесі (1968-1990).

1955 жылдан - футболдан ҚазКСР жасөспірімдер құрамасының ойыншысы. 1959 жылы Жастардың футбол мектептері арасындағы одақ біріншілігіндегі ҚазКСР құрамасы құрамында ойын көрсетті (Воронеж). 1960 жылдан - «Қайрат» футбол командасының шабуылшысы (Алматы).

1970 жылдан - «Автомобилші» командасының аға жаттықтырушысы (Қызылорда). 1971 жылдан - «Шахтер» командасының аға жаттықтырушысы (Қарағанды). 1973 жылдан - «Қайрат» командасының жаттықтырушысы, 1976 жылдан - бас жаттықтырушысы (Алматы). 1982 жылдан - КСРО олимпиадалық құрамасы жастар құрамының бас жаттықтырушысы. 1983 жылдан - «АХЛИ» футбол клубының бас жаттықтырушысы (Абьян, Йемен), Йемен ХДР жеке құрамасының жетекшісі. 1987 жылдан - «Қайрат» командасының бас жаттықтырушысы (Апматы). 1989 жылдан - Қаз КСР Спорткомитеті футбол бөлімінің бастығы.

1989 жылдан - ҚазКСР Футбол ассоциациясының және Футбол одағының вице-президенті, президенті, бас хатшысы (ҚР).

2006 жылдан - зейнеткерлік демалыста.

КСРО, ТМД және ҚР футбол федерациялары атқарушы комитеттерінің мүшесі.

Футболдан КСРО Оқушылары спартакиадасының екі жарысына қатысушы (Рига, 1957; Тбилиси, 1958). Футболдан КСРО чемпионаттарында 168 матч өткізіп, 13 гол соққан.

Спорт шебері (1963). Футболдан КСРО Еңбексіңірген спорт шебері (1973). ҚазКСР Еңбек сіңірген жаттықтырушысы (1973). ҚР Еңбек сіңірген спорт қайраткері.

Оның атындағы сыйлыққа Ақмола облысы Зеренді қаласында (1998 жылдан бері), Қызылорда облысында (1972-1973; 2008 жылдан бері) футболдан халықаралық турнирлер өтіп тұрады.

Ресей футболының дамуына сіңірген еңбегі үшін Ресей президентінің Б. Ельциннің қүттықтау жеделхаты (1998); ҚР Президентінің алғыс хаты табыс етілген (2001).

Әскери атағы - запастағы лейтенант.

Діни көзқарасы -барлық дінге бірдей құрметпен қараймын.

Саяси қайраткер ретіндегі идеалы - Д.А. Қонаев.

Қазақстанның болашағы туралы болжамы - «Республиканың қалыптасу кезеңіндегі даму қарқыны үлкен қарымды жарқын, демократиялық, тұрақты болашақтан үміт күттіреді. Спорттың инфрақұрылымын сапалы түрде дамыту қажет, бұл біздің үлкен де елеулі жеңістерге жетуімізге мүмкіндік береді».

Үйленген. Жұбайы - Сегізбаева Клара Абдоллақызы (1939 жылы туған), зейнеткер. Қыздары - Айгүл (1962 жылы туған), қаржыгер; Жанна (1971 жылы туған), экономист; Лаура (1978 жылы туған), экономист. Немерелері - Санжар, Әлихан; Индира, Рената.<ref>Қазақстан Республикасында кімнің кім екені . Екі томдық анықтамалықаласы Алматы, 2011 жыл. ISBN 978-601-278-473-2</ref>

Дереккөздер

<references/>

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}Үлгі:Bio-stub