Тимор-Лесте

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Үлгі:Infobox Country or territory

Шығыс Тимор, Тимор-Лешти Демократиялық Республикасы

  • Ресми тілітетум, португал тілдері
  • Астанасы – Дили қаласы
  • Мемлекет басшысы – президент
  • Үкімет басшысы – премьер-министр
  • Ақша бірлігі – АҚШ доллары

География

Оңтүстік-Шығыс Азияда Тимор аралының солтүстік-шығысында орналасқан мемлекет. Жер аумағы 15 мың км2.

Халқы

Халқы - 1,04 млн. адам (2005).

Этникалық топтар

Діни құрылығы

Жердің рельефы

Шығыс Тимор жері негізінен таулы, жанартаулы болып келеді. Ең биік жері 2963 м.

Климат

Климаты субэкваторлы муссонды. Жағалаудағы жыл бойғы орташа температура 25 – 27°С жылдық жауын-шашын мөлшері 1500 мм (мамыр – қараша аралығы құрғақ кезең)

Тарих

Олардың жергілікті тұрғындарының еуропалықтар келгенге дейінгі тарихы жоққа тән. Олар 16 ғасырға дейін алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрді. Еуропалықтардан алғаш Шығыс Тимор жеріне 16 ғасырда португалдар келіп орналасып, қоныстар салды. 1974 жылға дейін ел Португалияның отары болды. 1975 ж. 28 қарашада Шығыс Тимор тәуелсіздік жолындағы Революциялық майданы ел тәуелсіздігін жариялады. Алайда 9 күннен кейін ел аумағына Индонезия әскерлері басып кіріп, Шығыс Тимор Индонезияның 27-провинциясына айналды. Дегенмен, жергілікті патриоттар Индонезия билігіне қарсы азаттық күресін тоқтатпады. Көтерілісшілер аяусыз жазаланды. 27 жылға созылған жаугершілік кезінде 250 мыңға жуық адам қаза тапты. 1999 ж. өткен референдум нәтижесінде Индонезия әскері елден шығарылып, Шығыс Тимор БҰҰ-ның бақылауына өтті. 2002 ж. 20 мамырда Шығыс Тимор тәуелсіздігін жариялады.

Экономика

Шығыс Тимор – әлемдегі кедей елдердің бірі. Тәуелсіздік жолындағы күрес кезінде елдің көлік инфрақұрылымы мен өнеркәсіптік кәсіпорындары толық қираған. Сондықтан да Шығыс Тимор экономикасы халықаралық көмекке мұқтаж. Ел экономикасының негізгі саласы – ауыл шаруашылығы. Елдің ішкі сұранысын қанағаттандыру мақсатында жүгері, күріш, қант құрағы, құмай, таро, ямс, маниок, тары, батат, сонымен қатар буйвол, жылқы, ешкі және үй құстары өсіріледі. Теңізден балық ауланады. Елде ауыл шаруашылығы шикізатын өңдейтін кәсіпорын жұмыс істейді. Жағалауларынан мұнай мен табиғи газ орындары барланған. Сыртқа кофе, кокос жаңғағы, мәрмәр, сандал ағашының материалдары шығарылады. Ұлттық табыстың жан басына шаққандағы мөлшері шамамен 537 АҚШ долларына тең.

Сілтемелер

"Қазақ Энциклопедиясы", 9 том Үлгі:Малай архипелагындағы мемлекеттер