Теңіз суының түсі
Қазақ Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет
Теңіз суының түсі — теңіз суының көзге байқалатын реңі. Теңіз суының түсі су қабатындағы өсімдіктер мен жануарлар организмдерінің бөлшектеріне, жарық сәулелеріне, жарық сәулелерін бойына сіңіретін және өзінен шағылыстыратын заттарға, сәулелердің су бетінен шағылысу жағдайларына байланысты. Теңіз суының түсі қошқыл-көктен — қоңырсарғыш, жасыл-сұр түске дейін өзгереді. Теңіз суының түсін анықтау үшін халықаралық шкала қолданылады.<ref>Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі. Су шарушылығы. – Алматы, «Мектеп» баспасы, 2002 жыл.</ref>
Дереккөздер
<references/>