Теңіз деңгейінің ауытқулары

Қазақстан Энциклопедиясы жобасынан алынған мәлімет

Теңіз деңгейінің ауытқулары — теңіздер мен мұхиттардың су бетінің тік бағытта өлшенетін еркін ауытқулары. Олар қысқа мерзімді (секундтар, минуттар, сағаттар, тәуліктер) — толқынды, соқпа толқынды, әкелу-әкету толқындары және т.б. ауытқулар; ұзак (ғасырлық) — ондаған, жүздеген мың және миллиондаған жыл (климаттық, эвстатикалық, тектоникалық) ауытқулар; климаттық жағдайлардың ғасырлық ауытқуларынан туындаған, негізінен шектеулі теңіз алаптарында білінетін (мыс., Каспий және Арал теңіздері) түрлерге бөлінеді. Эвстатикалық Т.д.а. Дүниежүзілік мұхиттағы судың барлық бөліктерінде білініп,бір жүйеге байланысады. Оның себебі—континент мұздықтарының пайда болуы мен еруі (мұзбасу және мұздық аралық замандардың ауысуы) немесе мұхиттардың өлшемдері мен тереңдіктерінің ірі өзгерістері. Эвстатикалық Т.д.а-ның амплитудасы ондаған (кейде жүздеген) м болады.Құрлықтардың тік бағыттағы тектоникалық қозғалыстары салыстырмалы Т.д.ан туындатады (құрлык бетімен салыстырғанда). Ұзақ Т.д.а. трансгрессиялар мен регрессиялардың алмасуына әкеліп,бедер қалыптасуына және жағалау белдемі мен кайраң шөгінділеріне айтарлықтай ықпал жасайды.<ref> Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі: Қ 17 Геология/Жалпы редакциясын басқарған — түсіндірме сөздіктер топтамасын шығару жөніндегі ғылыми-баспа бағдарламасының ғылыми жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты А.Қ.Құсайышов — Алматы: "Мектеп" баспасы" ЖАҚ , 2003. — 248 бет. ӀSВN 5-7667-8188-1 ӀSВN 9965-16-512-2</ref> <references/> Үлгі:Geology-stub {{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:||}}}}

{{#invoke:Message box|ambox}}{{#if:||{{#if:|[[Санат:Еш медиа файлы жоқ мақалалар/{{{1}}}]]|}}}}