Теңіз ауылдық округі (Атырау облысы)
Үлгі:Мағына Теңіз ауылдық округі (2007 жылға дейін Приморье ауылдық округі<ref>Құрманғазы ауданының кейбір әкімшілік-аумақтық бірліктерін қайта атау туралы</ref>) — Атырау облысы Құрманғазы ауданындағы әкімшілік бірлік. Құрамына Приморье, Құмарғали, Дәулет, Шайхы ауылдары кіреді. Орталығы – Приморье ауылы<ref name="source1">"Қазақ энциклопедиясы", X том</ref>.
Географиясы
Теңіз селолық округі Құрманғазы ауданының оңтүстігінде Каспий теңізімен шектесіп жатыр. Сондықтан Приморье аталып кеткен. Округтің жер көлемі 3203 гектар, оның ішінде ауыл шаруашылық алқабы - 472 га, егістік - 14 га, шабындық - 33 га, жайылым - 423 га.Үлгі:Citation needed
Халқы
2009 жылғы санақ бойынша округте 1611 адам тұрады<ref>[stat.gov.kz/getImg?id=WC16200032719 - 2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том]</ref>. Теңіз селолық округі бойынша 1692 адам, 353 отбасында 314 үйде тұрады. Оның ішінде экономикалық белсенді топқа жататындары, яғни еңбек ету жасындағылар 955. Осы еңбекке жарамды 955 адамның 880-і аудан, село көлеміндегі әртүрлі заңды тұлғалар мен шаруашылық субьектілерінде және бюджеттік мекемелерде тұрақты жұмыс жасайды. Өз шаруасымен айналысатын адамдар саны 196, студенттер саны - 97, жұмыссыз адамдар саны - 24 адамды құрайды.Үлгі:Citation needed
Инфрақұрылымы
Округ бойынша Гагарин орта мектебі, «Айсамал» бала-бақшасы, селолық емхана, селолық клуб<ref name="source2">Теңіз ауылдық округіне қарасты мемлекеттік органдар тізімі</ref>, кітапхана, пошта және байланыс бөлімшелері, 1-өндірістік кооператив, 17-Шаруа қожалығы, 17-Жеке кәсіпкер, 8-сауда саттық дүкені, 1-кафе бар, 1-мейрамхана, 1-стационарлық жанар-жағар май құю бекеті тұрғындарға қызмет етіп келеді.Үлгі:Citation needed. Округ әкімі - Қуанғали Хасенұлы Ихсанов<ref name="source2">Теңіз ауылдық округіне қарасты мемлекеттік органдар тізімі</ref>.
Дереккөздер
<references/> Үлгі:Суретсіз мақала Үлгі:Kz-geo-stub Үлгі:Құрманғазы ауданы ауылдық округтері